АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штабының желілік кестесіне сәйкес Көксарай ауылы тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Бөрібаев пен Д.Ақсақалов кездесуде ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарын атап өтті. Басқосуда тұрғындардың талап-тілегін тыңдай келе, елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы алда атқарылар жұмыстарды баяндады.

Бүгінгі таңда Отырар ауданында 33 елді мекен (86,8%) немесе 52 955 адам орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталған. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 475,8 шақырымды құрайды. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021-2023 жылдар аралығында 1 340 адам тұратын 5 ауылда: Бестам, Ызакөл, Жанкель, Ақкөл, Сырдарияда 10 шақырым локальды су жүйелерін тартуға, 2025 жылға қарай Шілік ауыл округі бойынша ағын судың жетіспеушілігін толықтай шешуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Кездесу барысында тұрғындардың өзге де өтініштерін тыңдаған кандидаттар сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

[:]