АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР:ОТЫРАРДА КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Артықбай Мырзатай мен Сәкен Кішібай Балтакөл ауылы тұрғындарының үйінде болып, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын әңгімелеп берді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Бүгінде алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған алтын құрсақты ана Жазира Молдабаева өзінің алға қойған арман-мақсаттарымен бөлісіп, тігін цехын ашқысы келетінін айтты. Жүздесуде кандидаттар елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламаларға қатыса алатынын айтып, бұл бағытта алдағы уақытта партия тарапынан жасалатын жұмыстардың барысымен таныстырды.

Шағын және орта бизнесті дамыту – аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. «Nur Otan» партиясы бұл үшін жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 100-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға, ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 35,6%-дан 2025 жылы 36,3%-ға жеткізуге ықпал ететін болады.

Кандидаттар Балтакөлге жасаған сапарлары барысында батыр ана, тыл ардагер Жайсанкүл Асылбекова мен ардақты ұстаз Нұрсаным Арыстанованың және еңбек және тыл ардагері Есболат Әбуовтың да шаңырағында болып партияның алдағы бес жылға айқындалған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, түсіндірді. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 

[:]