АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістанда 14 жастағы оқушы қыз желіде жігітпен танысып, Шымкентте қашып кеткен[:]

[:kz]

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шымкентте үйінен қашып кеткен 14 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Түркістан қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткенін айтып арыз жазды. Алдымен олар баланы өз бетінше іздеген. Туыстары мен достарының үйінен іздеп көрді. Таба алмаған соң ата-анасы полициядан көмек сұрады.

 

Бұл факт полиция бөлімінде тіркелді. Жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар сегізінші сынып оқушысын іздеуге кірісті.

Жасөспірімді табу үшін полицейлер куәгерлермен және қыз жайлы ақпараттарды білген такси жүргізушілеріден жауап алды. Тергеушілер сонымен қатар оқушы қыздың әлеуметтік желілердегі парақтарын тексеріп, оның тұрған жерін анықтау үшін басқа жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Түркістан полициясы қыздың әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысып, Шымкентке өз бетімен кеткенін анықтады. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды мегаполис көшелерінің бірінен тауып, ата-анасына тапсырды.

 

[:]