АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістанда қайтыс болған анасы мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды (фото) [:]

[:kz]

 

Түркістанда қаза болған анасы мен төрт баласы туған жері Қызылорда облысы Жаңақорғанға жерленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марқұмдардың денесін бірнеше арнайы көлікпен Қызылорда облысы Жаңақорған ауылына жеткізген. Автотранспортты Түркістан әкімі Рашид Аюпов бастап барған. «Біз әрі қарай қалай өмір сүретініміз туралы айта алмаймыз, кешіріңіздер.

Иә, денелерді жеткізді. Қазір отағасы осында, ол медицина қызметкерлерінің бақылауында. Ол тірі өлік болып отыр», — дейді туысы.

Марқұм келіншек пен оның төрт баласын бір-бірінің жанына жерлеген. Отбасымен бақұлдасу үшін көршілес аудандардың тұрғындары да келген. Жергілікті билік өкілдері мен Түркістан басшысы азалы жиын аяқталғанша сол жерде болған.

 

«Үйдің отағасы отадан шыққан. Оған медқызметкерлер қарап, психологтар жұмыс істеп жатыр. Ер адамның жағдайы туралы не айтуға болады? Менің айтарға сөзім жоқ. Ол қатты есеңгіреп қалды. Мұндайда не істеп, қандай сөздер айту керек екенін ойлай да алмаймын», — дейді Жаңақорған ауылының тұрғыны. 

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Еске сала кетсек, 27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылғаны хабарланған еді. 40 жастағы әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен.

kaz.nur.kz

 

[:]