[:kz]
Туған перзентінің әрекеті үшін кешірім сұраған оқушының анасы тіпті камера алдында жылап жіберді. Ал кешелі бері әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген аты шулы оқушылар арасындағы дауға қатысты бүгін прокурорлар Түркістан облысындағы 33 мектептің директорын жинап, жауаптыларды қатаң жазалайтындығын ескертті.
Түркістанда оқушылар арасында болған әлімжеттік жағдай бүкіл Қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Әсіресе бұл оқиғадан кейін білім мамандары мен құзырлы орган өкілдері таяқтың астында қалды.
Видеода таралып кеткендей, оқушыларды сабаған жасөспірімнің анасы бүгін бүкіл елдің алдында кешірім сұрады. Туған перзентінің әрекеті үшін кешірім сұраған ана тіпті камера алдында өкіріп жылап жіберді.
Салаға жауаптылардың сөзінше, сұмдық жағдай Түркістан қаласындағы үш мектептің — 9 сынып оқушыларының арасында орын алған. Оқиғаға байланысты жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттер жасалғаны анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу барысында ата-аналардың, мектеп басшыларының және ювеналды полиция тобының жауапкершіліктері қаралуда.
Еске сала кетейік, 21 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірім өзге замандастарын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео таралған еді. Видеода бұзақылар олардың үстіне шығып алып, секіріп, ұрып-соғады.
Кейінірек Түркістанда осы жағдайға байланысты жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Мамандардың сөзінше, оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Аталған жәйтқа қатысты, тергеу амалдары жүргізілуде.
otyrar.kz
[:]