АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістандағы газдан уланған анасы мен төрт баланың өлімі: Күдікті ұсталды[:]

[:kz]

 

Түркістанда полиция қызметкерлері көмірқышқыл газынан уланған бес адамның өліміне күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің бірі — Түркістан қаласының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл газ жабдықтарын орнататын компанияның директоры. Тергеушілер тергеу арқылы ер адамның бұл трагедияға қатысы барын дәлелдеді. Күдіктілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасуда», — деді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасының өндірісінде улы газбен уланудан бес адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі  — «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Полицейлер жедел-тергеу іс-шараларының кешенін өткізді, оның ішінде сараптамалар тағайындалды және куәлардан жауап алынды.

«Бес адамнан тұратын отбасының қаза болуы біздің облыста үлкен резонанс тудырды. Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы аталған факті бойынша ҚР ҚК 306-бабы — «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда», — деді полицияда.

Еске салайық, 27 ақпан күні Түркістан облысында анасы мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді.  Кейін оқиғаның жай-жапсары белгілі болды, олар газдан уланып қаза болған. Оқиға орнына Түркістан облысы ПД, ТЖД бастығы, әкімдік және басқа да қызмет өкілдері барды. Тергеу барысын Түркістан облысының әкімі жеке бақылауына алды.

[:]