АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістанның облыс орталығына айналуы – тарихи әділеттілік — Құлбек Ергөбек[:]

[:kz]

Түркістанның облысқа айналуы, облыс орталығына айналуы – тарихи әділеттіліктің қалпына келтірілуі. Бұл Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбектің пікірі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

— Түркістан – көне дәуірде де, орта ғасырларда да өз дәуірінің астанасы болған жәдігер шаһар.  Қазақ хандығының тұсында үш ғасырға жуық хандықтың  астанасы болған.  Патшалық Ресейдің кезінде де уәлаяттың кіндігіне айналған болатын. Кеңестік дәуір кезінде Түркістан жүдеді, аяққа тасталды десе де болады, сол жылдары тарихи әіділеттілік жойылды. Біздің Тұңғыш тарихи президентіміз сол олқылықты жойып, Түркістан қаласын Түркістан облысының орталығына айналдырды, — деді Құлбек Ергөбек.

qamshy.kz

[:]