АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Түркия отандастарымызды Тurkish Airlines әуекомпаниясының ұшағына отырғызудан бас тартты» — СІМ[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралған болатын.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Түркиядан қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.ке сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы

24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралған болатын.

«Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты. ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі біздің азаматтарымызға олардың отанға оралуына көмек көрсетуін жалғастырады», — делінген хабарламада.
 

[:]