[:kz]
Ресейде кісі өлтірмек болған екі қазақстандық ұсталды. Белгілі болғандай, Түркия тұрғына сонда тұратын екі қазақ пен ұлты орыс тағы бір азаматты балаларын алып кеткен әйелінің көзін жою үшін жалдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс жасау үшін олар Красноярск өлкесіне барып, жабық Железногорск қаласының аумағына заңсыз кірген.
Ер адамдар әйелдің балаларды балабақшаға апаруын күткен, содан кейін шабуылдаушылардың бірі оны пышақпен ұрды. Осыдан кейін олар Красноярскіге қайтып, сол жерден Мәскеуге ұшып кеткен.
Күдіктілер Домодедовода шетелге ұшуға тырысқанда, үшеуін де полиция қызметкерлері ұстады.
«Зардап шеккен адам ауыр халде медициналық мекемеге жатқызылып, тергеушілерге Түркия Республикасында тұратын күйеуі шабуылға қатысуы мүмкін екені туралы ақпарат берді», — делінген Ресейдің Тергеу комитетінің хабарламасында.
[:]