[:kz]
Былтырдан бері Түркиядан үй алып, сол жақта тұрып жатқан танымал отандық әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанға оралды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қарақат Әбілдина туған жерін қатты сағынғанын айтты. Оның айтуынша әлемде туған жерден артық жер жоқ.
«8 ай туған жерде болған жоқпын.
Ал бүгін Астанадамыз! (Басқа атауға әлі үйрене алмадым) Астана.
Осы жер — менің Отаным.
Отбасым.
Ошағым.
Мен мұны жаныммен, жүрегіммен, тәнімнің әр клеткасымен сезінемін. Құлағыма әдемі әуендер келе бастады. Көңілімде бір шабыт желі еседі. Бұл — жақсылықтың белгісі. Топырағыңнан айналайын, Туған жер! Ес жиып еңсемді тіктеуім үшін, қайғыға тізе бүкпеуім үшін, кішкентайымды ептеуім үшін өзіңнен алыстауым керек еді. Қайта айналып келер тұрағым — Өзіңсің!» — деп жазды әнші. Айта кетейік, Қарақат Әбілдина 1978 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Жары — продюсер Қыдырәлі Болман, олар 1999 жылы отбасы құрған. Бүгінде олар төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр.
[:]