[:kz]
АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Ердоғанды құттықтау мақсатында қоңырау шалды деп хабарлайды ВВС. Президент Ердоған өз сөзінде: «Түрік тарихында алғаш рет халық өте маңызды конституциялық өзгерістерге дауыс беріп отыр. Осыған дейін өзгерістерді парламент шешетін, бұл жолы халық өз күшін көрсетті. Халық шешіміне өзге мемелекеттер құрметпен қарайтынына сенімдімін», — деді. Алайда, мемлекеттің оппозициялық бөлігі – Республикалық Халық Партиясы дауысты қайта есептен өткізуді талап етті. Естеріңізге салсақ, референдум конституцияның он сегіз бабына өзгерту енгізу мәселесі бойынша өткен. Егер өзгеріс енгізілсе, елде премьер-министр лауазымы жойылады, президент вице-президенттерді, министрлерді және жоғары шенді өзге шенеуніктерді өз бетінше тағайындай алады. Сондай-ақ, президент сот жүйесіне араласуға мүмкіндік алады, өздігінен төтенше жағдай жариялап, жарлықтар шығара алады
Аударған: Алина Болатбек
«Қамшы» сілтейді
[:]