АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Тұрмысқа шығамын»: Ақ көйлектегі Динара Қырықбаева қызу талқыға қалды (видео) [:]

[:kz]

 

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Динара Қырықбаева желіде қызу талқыға қалды. Оған әншінің жариялаған жаңа видеосы себеп болған. Қалың көпшілік өнер иесінің екінші мәрте тұрмысқа шығайын деп жатқанын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева оңтүстік астанадағы сәнді дүкендердің біріне барып, қалыңдық көйлектерін киіп көрді. Әнші ақ көйлектегі видеоларымен Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбалардың бірінде дүкен сатушысы Қырықбаеваның тұрмысқа шығайын деп жатқанын хабарлады.

Өнер иесі бұл ақпаратты күліп растады.

«Шок-контент. Кім тұрмысқа шығайын деп жатыр?», — деді видео авторы.

Эстрада жұлдызы «мен шығайын деп жатырмын» деп жауап қатты. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, өнер иесіне бақыт тіледі. Ал кейбірі оның тағы да қалыңдық атанайын деп жатқанына сенбейтіндерін айтты.

«Әр әйел бақытты болуға лайықты», «Жарайсың, бақытты бол. Бағың ашылсын», «Динара өте керемет әйелсің. Баянды махаббат тілеймін», «Көйлек сізге қатты жарасып тұр. Бұл күн де тезірек келсін», «Сондай сұлусыз», «Расымен тұрмысқа шығып жатыр ма?», «Қалжыңдап тұрғандай көрінді», «Меніңше, бұл жай жарнамалық видео», «Ал мен тұрмысқа шығады деп ойлаймын», — деп жазуда оқырмандар. Айта кетейік, Динара Қырықбаева бұл ақпаратты нақты әлі растаған жоқ.

Әнші тіптен жеке өмірі жайлы көп ашылып айтпайды. Бірақ, бұған дейін некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі қыз-келіншектерге ажыраспауға кеңес берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

kaz.nur.kz

 

[:]