АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Тұрсынбек Қабатов жалған құжат жасату арқылы қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіргізген» — Абзал Құспан[:]

[:kz]

 

Атышулы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Ұлттық біріңғай тестілеу жүйесінен жоғары ұпай алу үшін өзінің қызының орнына басқа адамды кіргізгені белгілі болды. Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспанның facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Заңгердің айтуынша, бұл үшін олар қолдан құжат жасатқан. 

«Тұрсынбек бауырымнан көңілім қалды.

Алматыда қат-қабат шаруалардан, кездесулерден қол босамай тұр. Бірақ кеше ҰБТ/ЕНТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жолдаған источник — жеке өзім танитын 100% сенімді адам. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, т.б., мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазатын боламын.

«13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың  орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. 

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр», — деп жазған өзінің facebook парақшасында.

 

 

[:]