АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Түсі қандай?». Нигериялық азаматқа күйеуге шыққан атыраулық келіншек босанды[:]

[:kz]

 

Нигериялық азаматқа күйеуге шыққан атыраулық Заида Жаңабаева дүниеге сәби әкелді.
Ол баласының жынысын әзірге жасырын ұстамақ, деп хабарлайды Экспресс К.
Декреттік демалысқа шыққан Заида Жаңабаева облыстық перинаталдық орталықта босанған. Осыдан бірер күн бұрын денсаулығына алаңдаған Заида ауруханаға жатқызылғанын айтты.
Біз енді үшеуміз, альхамдулилляһ! Менің туған күнім 23 мамыр, ал сәбиіміздің туған күні — 23 маусым,
— деп жазды Заида өзінің Instagram парақшасына.

Заида осыған дейін өзінің жүкті екенін оқырмандарына айтып, бірақ жүктіліктің қай аптасында екенін «көз тиеді» деген ырыммен жасырын ұстаған болатын. Ол бірнеше әйелдің өзінен «Баланың түсі қандай болады?» деп сұрап, көңіліне келетін сөздер айтқанын жазды.

Экспресс К.

[:]