АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түсіпбаева: Динара Сәтжан қиын сәтте халыққа көмектесудің орнына ақша табуды ойлап жүр[:]

[:kz]

Меруерт Түсіпбаева тележүргізуші Динара Сәтжанға сынын айтты. Ел басына күн туған шақта көмегін көрсеткеннің орнына, елді қанады деп айыптады. Әріптестерінен пайдакүнемдікті емес, патриоттықты күтетінін жасырмады. 

Бұл туралы «Ел аузында» айтылды.

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен демекші, елде төтенше жағдай жарияланып, індет тараған тұста өз қалтасын ойлап, алаяқтыққа барған жандар жетерлік. Бірі жалған ақпарат таратса, бірі онлайн түрде әлдекімнің жеке мәліметін сұрап, қалтасын қағуға тырысты. Сатушылар азық-түлік бағасын көтеріп, табыс тауып қалды. 20 теңгелік бетперденің өзі 500 теңгегей дейінгі бағада сатылды. Енді бірі қайырымдылық жасап, мұқтаждарға азық-түлік таратты. Әншілер онлайн-концерт өткізіп, халықтың көңілін аулады.

Бұл тұрғыда Меруерт ханым мен дизайнер Берік Исмаилов Динара Сәтжанды маска сатты деп айыптады. 

«Динара қазақтың қызы. Басқа ұлт өкілдерін қойшы. Ел қиын жағдайға тап болғанда ақшаны емес, пайдаңды тигізудің жөні емес пе? Президенттің бүкіл концертін Динара басқарады. Қанша ақша алады. Оны президент қалтасынан төлеген жоқ. Халықтың салығынан түскен ақша. Енді соны халыққа қайтару керек емес пе? Дәл қазіргі уақытта кімнің қандай екені көрінеді? Қазір еріктілер жылы. Бір уақыт ерікті болып жұмыс істесе артық болмайды», — деді әнші. 

Еріктілерді жинап, маска тігіп жатқан дизайнер Берік Исмаилов те өз басын ойлағандарға сын айтты.

«Қазір ақша табатын уақыт емес қой. Маскадан қанша ақша табуға болады дейсің. 300 мың теңге түсер. Ол не ақша? Соны тегін таратуға болмай ма? Мен осы қайырымдылық науқанын бастарда еліміздегі барлық дизайнерлерді белгілеп, парақшамда жаздым. Бірге жақсылық жасайық дедім», — деді өкпесін айтқан дизайнер.

Айта кетейік, бұған дейін Динар Сәтжан желідегі парақшасы арқылы үй жағдайында бетпердені қалай жасауға болатынын көрсетіп, видеосабақ жүргізген еді.

Меруерт Түсіпбаева бұған дейін коронавирусқа қатысты айтқан пікірі үшін Нұрлан Еспановқа ашуын жеткізген еді. 

[:]