АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тыңдаушыға жалаңбұт шықсаң да бәрібір…[:]

[:kz]

Қит етсе болды, ән жазғызудың өз машақаты болатынын, сахналық костюмдердің арзан емесін айтып шағымдана жөнеледі эстрада әншілері.

Солардың әлем-жәлем киімі кімге керек? Сән көрсетіп жүргендей ауыстырып қырық көйлек киіп шығуды көрермен талап еткен жоқ, өздері ғой бірінен-бірі қалмай бәсекелесіп жатқан…

Тыңдаушыға бәрібір, жалаңбұт шықсаң да, дамбалыңды басыңа орап шықсаң да бәрібір. Тек миыңның бір бұрышында тұрақтап, жүрегіңе кіріп кететін ғажайып әуен болса, әсерлі ән, жаныңды тебірентер сұлу мәтін болса, сосын сенің табиғи дауысың болса, жетіп жатыр! Алақанға сап аялап аспанға көтереді сонда сені.

Жеті жоқты айтып зарланғаның түкке керегі жоқ. Жайшылықта хан сарайындай үйіңді, алтын жалатқан ыдысыңды көрсетіп мақтанғанда бәледейсің… Енді не көрінді? Ұлттық киімнің біреуін қатырып тіктір де екі сағат концертіңді бер де, кет!

Әніңді құмардан шыққанша айт, бірақ аузыңды ашып сөйлей көрмеші, тілеуіңді бергір! Әні кімдікі, сөзін кім жазды, соны айт, болды! Басқа сөздеріңді тыңдауға құлағымды аяймын.

Кейінгі 30 жылда шыққан Шәмшінің, Нұрғиса-Әсеттердің, тіпті бүгінгі Қалдыбектің әніндей әндерің бар ма өзі? Кейінгі ХХІІ ғасырға кететін? Жоқ па? Үндеме онда, үндеме! Сөйлемегін!

Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан 

Алаш Айнасы

 

[:]