АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Уәлибек Әбдірайымов: Қайрат Нұртастың анасы базарда «Шаншардың» билеттерін сатқан[:]

[:kz]

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртастың «Шаншарда» өнер көрсеткен кезін есіне алды. Танымал әзілкештің сөзінше, ол кезде әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын сахнаға шығару үшін базарда аталмыш әзіл-оспақ театрының билеттерін сатқан. Бұл туралы әзілкеш Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сұхбат барасында Уәлибек Әбдірайымов бүгінде нағыз хит-әншіге айналып кеткен Қайрат Нұртастың әншілік жолы қалай басталғанын баяндады.

«Ол кезде Қайрат тоғызыншы-оныншы сыныпта оқиды. Анасы баласын сондай әнші қылғысы келді, сонша жүгірді. Сосын «Шаншарға» шығарғысы келді. Гүлзира Айдарбекова ұлын менің концертіме шығару үшін менің билетімді сататын. Ол кезде базарда істейді. Сөйтіп жан-жағындағыларға тарататын.

Ол кезде «Шаншар» аса атақты емес. 50-100 билет өткізетін. Ол кезде бізде аса қатты билет өтпейтін сәт болған. Кейін бізде жұлдыз болып кеттік қой. Содан ол солай қатысатын біздің концертке. Анасы базарда билет сатып, баласын «Шаншарға» шығарды. Басында олардың барлығы да базарда істеген» , — дейді Уәлибек.

 
  

[:]