[:kz]
«Шаншар» театрының басшысы, актер Уәлибек Әбдірайымов әкесінің Мұхтар Әлиевпен жақсы дос болғанын айтты. Бірге оқып, кейін мәңгілік достарға айналған. Актер Мұхтар Әлиев жақсылықты ұмытпайтын азамат деп мақтады.
Бұл туралы «Қасқа жол» бағдарламасында айтылды.
Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиевпен өмірінің соңына дейін дос болған. Бірге оқып, бірге жүрген. Алайда артына қалған балаларымен өздері еш араласпаған екен. Екі әке қайтыс болған соң балалары байланысқан жоқ дейді ол.
«Мұхтар Әлиев пен менің әкем Түркістанда бірге оқыпты. Ол кезде мұғалімдік курстар болған. Екеуі сонда оқыған. Бір күні әкем ауыл жақын болған соң ауылға келеді. Сонда Мұхтар Әлиевті алып келеді. Үйге келген соң тамақ береді. Сонда бастапқыда ол кісі тамақ ішпей ұялған екен. Кейін терлеп тұрып жеп алады.
Сонда 4 күн тамақ ішпепті. Жетім өскен ғой. Кейіннен әкеме осы жақсылығыңды ұмытпаймын деп риза болады. Ол кісі жақсылықты ұмытпайтын адам. Әкем екеуі дос болды. Бірақ менің әкем өмір бойы мұғалім болды. Мұхтар аға медицина саласына кетті. Сол жолды қуып, мықты дәрігер болды. Ол кісі менің әкемнен бұрын өмірден өтті-ау деймін. Содан кейін араластығы болған жоқ. Үлкендер кеткен соң бала-шағасы араласқан емес. Тіпті, бала-шағасын танымаймыз да. Біз ауылда болдық. Ол кісілер қалада болды», — деді Уәлибек мырза.
[:]