АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҰБТ-ның алғашқы күні: 3 мыңнан астам түлек тиісті ұпайды жинай алмады[:]

[:kz]

12 мыңнан астам түлек ҰБТ-ның алғашқы легіне қатысты. Оның ішінде 3 мыңнан астамы қажетті баллды жинай алмады деп хабарлайды ҚР БҒМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: cursoestudomemorizacao.com.br

Фото: cursoestudomemorizacao.com.br

 

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы Әділет Тойбаевтың айтуынша, ҰБТ-ның бірінші легіне республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты. Олардың 11 361-і қазақ тілінде, 1411-і орыс тілінле тапсырды.

Бес пән бойынша орташа балл — 74,2-і құрады. Шекті балдан өткендердің саны — 9338, өтпегендер — 3434. Алғашқы күнде 13068 түлек тест тапсырады деп жоспарланған еді.

ҰБТ-2019 қорытындылары @EDU.GOV.KZ bot телеграмында, edu.mail.kz сайтында, сондай-ақ www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды.

«Ұлттық орталықтың телефон соғу орталығының 8 (800) 080 71 77 тегін нөміріне 105 қоңырау келіп түсті. Негізгі сұрақтар тамыз айында өткізілетін ҰБТ мерзімдеріне және ҰБТ нәтижелеріне қатысты болды», — делінген БҒМ хабарламасында.

  

[:]