[:kz]
Үй ішінде керемет жайдары, тентек балалар сыртқы ортада ұялшақ, жасық болып қалады,мундай балалар расымен өте көп,осы жағдай жөнінде баяндай кетсем. Балада сыртқы ортадағы тұйықтықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді, бұған үй тәрбиесі де кіреді. Шектен тыс баланы шектеу мен қатты еркелетіп жіберу де баланың сыртқы ортада тұйықтануына әсер етеді. Қарым-қатынас кезінде баланың жаны жараланған кездері болса, бала сыртқы ортаға сақтық көз қараспен қарап,ашылып сөйлемейтін болады. Негізі баланың қоғамдық ортада тұйық, ұялшак болуы, оның қарым-қатынас жасағанда қобалжып, қорқатынының белгісі екен, мұндай балалар үй ішінде іркілмей сөйлеуі мүмкін. Бірақ саханада немесе қоғамдық ортада қатты қызарып, үндемей, тіпті тартыншақтайды. Себебі бала өзін басқа адамдардың үй ішіндегі адамдардай жақсы көруін калайды, бірақ көп жағдайда өзінің әрекеттері үшін мазаққа қаламын ба деп қорқады. Осы жайттарды болдырмас үшін үй жағдайында балаға не айтылып жүргеніне назар аудара жүріңіз. Бала ол жеке тұлға, оның толық қалыптасуы үшін оған жеткілікті түрде еркіндік берген жөн. Оның отбасындағы адамдармен қарым қатынасына көбірек қолдау білдіріп, оның ішкі сезімімен санасып,оның істекен ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, айтар ойын толық жеткізуін қадағалап, сөзіне құлак салып, оны түсінуге тырысқан жөн. Басында, сіз балаңызбен бірге бөгде адамдармен немесе өзге балалармен бірге араласып көріңіз, бала өзін сол ортада қауіпсіз сезінсін, ойыншықтар көп береңіз, басқа балалардың сіздің балаңызбен өз еркімен ойнасын, оны мен жақсы дос болған балақайлармен араласуын қолдаңыз, әр дайым жігерлендіріп отырыңыз, ең бастысы балаға көп қабақ шытпаңыз. Осылай бірте-бірте баланы қоғамға араластыру арқылы, ақырындап қобалжу, тартыншақтау, тұйықтануын жоюға болады. Мадина Ордабай «Қамшы» сілтейді
Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Qamshy.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.
http://qamshy.kz/home/show/11387
[:]