АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үйі бар жігіт іздейді екенсің, ендеше күте бер 40 қа келгенше[:]

[:kz]

Жақсы қарындастың жазбасына жазған пікірім. Кеңейтіңкіреп жазайын.

Жігітке: 

— Неге үйленбейсін ,-десем жігіт:

— Үйленейін десем , жақсы қыздар жоқ. Үйленейік десем, үйің барма дейді, сосын үйлене алмай жүрмін , — депті дейді де. Қазақтың жігіттері жалқау, неге тырбанып үйлі болмайды.Сол үйге барып ие боламын деген қыздан айналмайсың ба? Ол үйді ол қыз алып кетпейді ғой депті.

Менің жазған пікірім:

Баяғыда үйің бар ма?, — деп сұрамай ақ ғашық болдық деп тиіп алатын. Сосын жүретін жетім бұрышты жағалап. Солай жүріп баланы да тауып, оқуды да бітіріп, үйді де салып, өмірде сүріп үйрендік. Сондықтан ажырасу деген өте аз болды.Себебі бəрін өз қолымен жасады.Дайын нəрсеге келген жанның, ешнəрсеге де жаны ашымасы анық. Өйткені оған еңбегі сіңбеді. Əлгі тиынды отқа лақтырғанда, оттан жалаңаш қолымен жұлып алатындай, еңбегі сіңбеген соң бəрі бекер. Үйің болса, күйің болса қатын көп. Ал «ерді кебенек ішінде таныйтын » жар қайда?. Барда да, жоқта да жар болатын жан сол нағыз жар.

Ал үйі бар жігіт іздейді екенсің, ендеше күте бер 40 қа келгенің ше.

Енді саусағыңды бүгіп пе, есепшотқа салып па есепте.

Ол жігіт 17-18 орта мектепті бітіріп , сол жылы оқуға түсе алса 21-23 жасында ЖОО бітіреді. Кəзір магистратураны бітірмесе жұмысқа алмайды. Сол жылы түсе алса 24-25 ке келеді. Оны бітірген соң бірден жұмыс табылса жақсы. Онда 60-70 мың теңгемен үй ала алмайды.Оны жинап аламын дегенше 40 қа келеді. Сосын жүреді қыздарды ұнатпай. Ол кезде сен ол үшін кəрі қыз боласын.Əкесінің дүниесі болса үйі де, күйі де болары анық. Ал кейбір жігіттердің сондай қайын жұрт іздейтіні де өтірік емес.Сен қарағым шешеңнен сұрап көрші, күйеуге шыққанда , болашақ күйеуінің үйі болды ма екен. Жоқ болған жоқ. Иə əкесінің үйі яғни өзінің туған үйі болды. Келінді сол үйге апарды. Шешең отқа күйіп нан жапты, тамақ істеді, баланы да тапты, ата -енесіне де жақты. Сиырды дау сауды жұмыста істеді. Сөйтіп жүріп өз үйлерін де салды. Міне сен сияқты ойлайтындардың кесірінен ұлтымызда бала табу аз. Біз кəзір тез арада көбеюіміз керек. Иə кəзір мемлекет жағдай жасамайды болмаса туар едік дейтіндердің табылатыны анық. Баланы мемлекет үшін емес өзің үшін тап. Сөйтіп ұлтыңа қызмет жаса. Міне нағыз патриотизм. Біздің депутаттарымыз 25 жасқа толғандарға Кеңес кезіндегідей бойдақ салық салатын заң шығару керек. Одан түскен қаржыны бала тапқандарға берсін. Сонда үйлене бастауы анық.

 

Абдірейім Өміров

 

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]