[:kz]
«Алдамайсың, арбамайсың ба!?» деп әндетіп жүріп танылған Роза Әлқожа кезінде кезінде өз үйін көрсетуге ұялғандықтан журналистерді басқа үйлерге шақырғанын айтып, ағынан жарылды. Бұл жайлы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіге 16 жылдан бері тұрып келе жатқан үйінің суретік жүктеген ол, қазіргі күнінен шүкіршілік етеді.
«Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болушы едім. Сөйтсем, Алланың берген несібесіне шүкір ету керек екен. Өзің биік болсаң, үйдің аласа болғаны ештеңе етпейді. Биік үйден — аласа оймен шыққан ұят. «Аласа үйден шықты биік шағы ұлып…» Гүлнәр Салықбай. Отаудың көркі — бала, береке. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін!
Қайырлы түн! Алматы. Он алты жыл бойы тұрып жатқан құтханамыз осы», — деп жазды әнші.
Әншінің әрбір жазбасын қалт жібермей бақылап отыратын желі оқырмандары болса, «Өте қарапайымсыз, өте қарапайымсыз. Дүние құмар боп бәсекелесіп керек емес. Ең бастысы — іші бақ пен берекеге толы болсын!», «Үйдің биік аласа екені маңызды емес. Тек бақыттың шамы жағылса болғаны. Бақыттарыңыздың шамы мәңгі жарқырасын!», — десті.
[:]