[:kz]
Бұдан бірнеше ай бұрын әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген. Сейфуллин Жолбарыс «1001 түн» бағдарламасында әріптесінің сөзін жоққа шығарып, одан ешқандай пәтер алмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Мынадай ақпарат естідім. Әріптесіңіз Бақыт Шадаевадан пәтер сатып алыпсыз. Ол кісіге қарызыңызды қайтармапсыз», — деп сұрады. Ал әнші егер осындай жағдай расымен орын алса, алдымен құзырлы органдардың қызметіне сүйену керектігін айтты.
«Ол әңгіме бар. «Менің үйімді тартып алды» деген әңгіме айтылды. Мен енді былай айтқым келеді. Егер мен шынымен біреудің үйін тартып алсам, сотқа, прокуратураға барсын. Сосын халыққа соны дәлелдеп, «Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды» десін. Құр сөзбен айтқан ол қандай факт? Мен хайп деп ойлаймын. Мен ондай нәрсені мүлде білмеймін. Керек болса, мен одан үй де алған жоқпын. Мен оның альбомдарының ақшасын да алған жоқпын. Сондықтан менің күлкім келеді. 90-жылдар емес қой, бандиттер келіп үйіңді тартып алып кететін. Егер мен үйін тартып алсам, сотқа берсін. Өшіп бара жатқан әншілер сөйтеді ғой. Атағын шығарғысы келіп отырған шығар. Мысалыға неге «Димаштың дауысы қойылмаған» деп айта салды. Сейфуллинді қоя салыңыздар. Егер қағаз жүзінде тартып алсам, әкеп көрсетсін», — деді әнші Сейфуллин Жолбарыс.
Айта кетейік, Бақыт Шадаева өнердегі әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кету себебін түсіндірген болатын. «Менің екі бөлмелі үйім бар еді. Оны кіші қызыма қалдырам деп жүрдім. Сол кезде тағы да үлкендеу пәтер алатын болдым да, Сейфуллин менің бос үйімде тұрғысы келіп, өтініш айтты. Еш ойланбастан келістім. Арада уақыт өткен соң, ол үйімді сатып алғысы келді. Жарты ақшасын төлеп, жартысын әннің есебімен қайтармақ ниетте екен. Қасымда жүрген бауырым болғандықтан, тағы да келісім бердім. Нотариусқа барып, қол қойып, үйді саттым. Бірақ содан кейін Сейфуллин там-тұмдап қана ақша берді. Жалпы есебі 1200 доллар қайтарды. Маған жазған әндерін де басқа жұлдыздарға тарата бастады. Былайша айтқанда, лақтырып кетті. Үйді қайтарып алайын десем, өзім қол қойдым. Сейфуллин халық арасына кеңінен танылып, кейін үлкен үй де алды.
Ал мен сол үйді садақа деп есептеймін қазір. Өнер адамы кең болуы керек», — деді Бақыт Шадаева
[:]