АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]«Үйіңде дуа бар»: Қазығұрт тұрғынын өзбек әйелдері алдап кеткен[:]

[:kz]

 

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12 мамырда  жергілікті тұрғын шағымданып, екі әйелден алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтқан.

Қазығұртта тұрғынның алтыны мен ақшасын көз алдында алдап алып кеткен өзбекстандық екі әйел ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12 мамырда жергілікті тұрғын шағымданып, екі әйелден алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтқан.

Егде жастағы әйелдің айтуынша, оның үйіне өзге ұлтты екі әйел келген. Олар жәбірленушіге үйіңде дуа бар, соны тазалап береміз деген желеумен өздерінің тазалау әрекеттерін жасап, осы аралықта тұрғынның алтын алқасын, саусағындағы алтын сақинасы мен 100 мың теңгеден аса ақшасын әкетіп қалған. Олар кеткен бойда есін жинаған әйел бірден полицияға хабарласып, алаяқтарды ұстауға көмектесуін сұрайды.

«Полицейлер жәбірленушінің айтқан белгілері бойынша жедел іске кірісіп, барлық қажетті шараларды жасады. Олардың мініп келген көлігі туралы үлкен трасса бойындағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлады. Осылайша, жолдарды патрульдеп жүрген Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының алтыншы взвод қызметкерлері аталған күдіктілер мінген Lada Priora көлігінің ізіне түсті. Жарты сағаттай жүріп, көлікті тауып, соңынан қуып жетіп, тоқтатты», — делінген хабарлады.

Портал мәліметінше, көлік ішіндегі әйелдер полицейлерді көрген бетте қаша жөнелген. Полицейлер бірден әрқайсы әр жаққа қашқан әйелдерді түгелімен ұстады. Күдікті екі әйелден алаяқтық жолмен алынған алтындар мен ақша айғақты зат ретінде алынды. Патрульдік полицейлер көлікте болған бес әйелді полицияға жеткізді. Олардың жеке басын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының тұрғындары екені анықталған.

Аталған жайт Қазығұрт АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алынып, соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда полицейлер олардың Түркістан облысында болған басқа да алаяқтық істеріне қатысты бар-жоғын тексеріп жатыр.

[:]