АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын өткізген Арыс тұрғыны жазаланды[:]

[:kz]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай режимін жариялаған соң, той-томалақтар мен ас беруге уақытша тыйым салынғаны белгілі. Осыған мойынсынбаған Түркістан облысының тұрғыны үйінің ауласында келін түсіріп, беташар өткізген. Енді тәртіпке бағынбаған арыстық жауапқа тартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: wikipedia.org

Көрнекі фото: wikipedia.org

Оқиға 20 наурыз күні Арыс қаласында орын алған.

Жергілікті тұрғын үйінің ауласына туған-туыстарын шақырып, көпшілікті жиып той өткізеді. Енді ол осы әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болды.

Құқық бұзушы әйел перзентінің қуанышын жақындарымен бөліскісі келгендігін, тәртіпке бағынбағанына өкінетіндігін, өзінің кінәсін толық мойындайтынын айтқан.

Соттың шешімімен Арыс қаласының тұрғыны  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы бойынша кінәлі деп танылып,  18557 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Азаматшаға қатысты 2020 жылғы 20 наурыз күні, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама рәсімделген. Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты,»- деп мәлімдеді Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

 

[:]