[:kz]
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Ең алғашқы» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дастан Оразбеков мектеп бітіргелі сыныптастарымен кездеспеген болып шықты. Тіпті мектебіне соңғы рет қай кезде барғанын да есіне түсіре алмады.
«9 сынып бітіргелі біз оны мүлдем көрмедік», дейді сыныптасы Нұрбану Орымбаева. «Бір дәптерді қалтасына бұрап салып алатын, бір ручкасы жарты жылға жететін. Бірақ, мұғалімдер оның қылығын жақсы көретін. Кличка қояды, бұзаубас, заузақоңыз, төрт көз деп айтатын.
Ұстазы Сахараб Қырғызбаев: «9 класс бітіріп кеткелі біз одан хабарсыз қалдық. Ол мақтанбаса біз мақтанамыз. Біздің мектебімізде оқыған деп ауыз толтырып айтып жүреміз. Бізді, жалпы мектеп туралы еш айтқан емес, менің Дастанға деген ренішім сол» деп өкпе-ренішін жеткізді.
«Мен үнемі Әуезов мектебінде оқыдым деп айтып жүремін. Ең алғаш музыка мектебінде сахнаға жетектеген ұстазым болғандықтан Аманжол ағайымды айтып жүремін» деп ағынан жарылды әнші.
Бағдарлама барысында, әншіні сыныптастарымен тікелей байлаысқа шығарды. Әнші де, сыныптастары да бір-бірлеріне деген сағыныштарын жеткізіп, кездесі уақытын ұйымдастырып та үлгерді. «Ауылға барсам, мектебіме бірінші кіріп шығамын» деп сөз берді.
Бағдарламаның талабы бойынша әнші 90 метр биіктіктен өзін лақтырды. Еш қарсылық танытпады. «Қорқыныш, батылдық, еркіндікті сезіндім», дейді әнші.
[:]