АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ұйықтап жатқан кісіні бауыздап кетеді»: нәубет жылдарды суреттеген журналистің жазбасы жан түршіктіреді [:]

[:kz]

Белгілі журналист Нурбек Бекбаудың www.facebook.comпарақшасында ашаршылық жылдарындағы жағдайды айтып бөліскен жазбасы көпшіліктің талқысына түсті. Атасының бастан өткерген зұлмат кезеңі айтылған жазбада нәубетті уақыт әсерлі суреттелген.

«Атам екі ағайынды болыпты. Рақымбай сосын Рақым. Інісінің толық есімі есінде жоқ. Өзі 7 жасқа, бауыры 5-ке толған жылы бәлшебектер әкесінің бүкіл малын тартып ап, өзін атып тастаған. Ауылдағы ағайын, бәлесінен аулақ деп, қос жетімді асыраудан қорыққан. Сол оқиғадан көп өтпей, алыс-жақын ауылдардың баршасын алапат ашаршылық жайлапты. Жаман болыпты! Адам жеу көбейіп кетіпті» деп басталған жазба ары қарай жан түршіктірер сәттерді көз алдыңа келтіреді.

«Ұйықтап жатқан кісі болса, бауыздап, бүйрегін, сан етін жеп кетеді екен. 
7 жасар атам інісі екеуі, үй ішінде ұйықтаудан қорқып, сабан шатырға шығып, сонда көз шырымын алып жүріпті», — деп әңгімені ары қарай атасының сөзімен жалғастырады.

«Шөпті айырмен шұқылай бастады. Үшкір темір гірш етіп көзімнің астына қадалды. Үн шығармадым. Ақырын істікті саусағыммен ұстап тұрдым. Темірді қайта суырып алғанда, қанымды сүртіп үлгердім. Байқамады. Сосын тағы да шөпті піскілеп жатты. Бір уақытта, інім баж ете қалды. Жанды жеріне кіріп кетсе керек. Анау бәлелер пішен арасын апұл-ғұпыл аршыды да, бес жасар бауырымды жұлқып көтеріп, тау жаққа қарай жүгірді. Артынан шұбыра жүгіргендердің тарсылын естіп жаттым».

Көзі жасаурай беретін атасынан себебін сұраған бала Нұрбекке атасы осы әңгімені айтып, болған жайтқа өзін кінәлі санаған көрінеді.

Қазақ тарихындағы зұлмат жылдардың көрінісі баяндалған жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатты. Бірі «Өте аянышты жағдай. Қазіргі сол жастағы жүгіріп жүрген ағайынды бауырларға қарап, жүрегім сығылып кетті. Көрінде өкіргір большевиктер» деп билік ұстағандарға кінә артса, енді бірі «Алла өткендерге иман, тірілерге салауат айтуды нәсіп етсін» деп әңгімеден сабақ алып, осы күнге шүкір етуге шақырды.

 

sn.kz

[:]