[:kz]
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі Әлиxан Смайылов президенттік сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында біз Үкіметтің резервінен сайлауды өткізуге 9,4 миллиард теңгені бөлуге шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам істейді. Әрине, ол қаржының басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысына бағытталады», — деді Ә.Смайылов Оның айтуынша, бастапқы сома аймақтардан түскен тапсырыстардың негізінде жасалған болатын.
Артынан Үкімет әрбір аймақта ашылатын сайлау учаскелері мен ол жерде жұмыс істейтін адамдардың санын нақтылады.
«Сөйтіп, 9,4 миллиард теңге көлеміндегі соманы шығардық», — деп атап көрсетті Ә.Смайылов. Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Алдағы уақытта Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды. Ал «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Аxметжан Есімов шетелде қордың активтеріне арест салу мәселесін көтерді
[:]