АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үкімет жаңа, бірақ ескіше жұмыс істейді: Қазақстандықтар не себепті жаңа министрді сынға алды[:]

[:kz]

 

Қазақстандықтар ұлттық экономиканың жаңа министрін сынға алды. Кеше министр үкімет отырысына қызанақ пен қиярдың суретін алып келген еді, деп жазады Stan.kz

Фото: Самал Ибраеваның Facebook парақшасынан

Министр көкөніс бағасын бақылауда ұстап жүргенін айтты. 

«Қызанақтар 1140-1350 теңге. Бұл кешегі баға. Біз нарықты тексеріп көрдік. Қиярлар 1000 теңгеден. 949 теңгенің де қызанағы бар, 1400 теңгенің де қызанағы бар. Бағалар әр түрлі. Мен монополияға қарсы комитетке бағаларды тексеруге тапсырма бердім. Ескертулер жасалады», — деді Руслан Дәленов. 

Желі қолданушылары үкімет мүшесінің базарда жүргенін жақсы белгі деп бағалады. Министр халыққа жақын болып, шын мәнінде елді мазалаған мәселені шешкісі келеді, бірақ баға мәселесін сауда нүктелеріне бармай анықатуға кеңес берді. 

«Тағы да базарды торуылдаймыз. Салдарымен жұмыс істейміз. Сараптап, қанша жылыжай салынды, оның өнімділігі қандай, бизнеске бөлінген ақша неге пайдасын бермеді деген сұраққа жауап іздеу керек. Әр өңірде азық-түлікпен қамту және жеткізу бағдарламасын құру керек. Үкімет «жаңа», бірақ ескіше жұмыс істейді», — дейді Facebook желісінде Санжар Бокаев. 

Министр Дәленовті «өзін көрсету» үшін жұмыс істейді деп сынады. 

«Ол не жоғары бағаның себебін білмейді, не баға мәселесін шешкісі келмейді. Бізге көрсетудің керегі жоқ. Бұл мәселені шешу үшін ортадағы делдалдардан арылу керек. Делдалдардың да демеушілері бар. Солардың көзін біржола жою керек. Сол кезде баға тұрақтанады», — дейді желі қолданушының бірі. 

Айта кетейік, Руслан Дәленов ақпан айының соңында ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Оған дейін 2 жыл вице-министр қызметінде болды. 

stan.kz

[:]