АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Үкіметтен қайыр жоқ!»: белгілі заңгер жұртты жұт жайлаған Батыс Қазақстанға көмектесуге шақырды[:]

[:kz]

«Үкіметтен қайыр жоқ!»: белгілі заңгер жұртты жұт жайлаған Батыс Қазақстанға көмектесуге шақырды

 

Өзіміз асарлатайық халқым! Батыстағы жағдайды өз көзіммен көріп келдім. Жағдай шынында да қиын!

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек халықты жұртты жұт жайлаған Батыс Қазақстанға көмек қолын созуға шақырды. Заңгердің айтуынша, батыстағы жағдай расымен де қиын халге жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Үкіметтен қайран жоқ, өзіміз асарлатайық, халқым!

Батыстағы жағдайды өз көзіммен көріп келдім. Жағдай шынында да қиын!
Оңтүстік те қандай бір жағдай болмасын су басып, снаряд атылғанда ең бірінші батыс халқы қол үшін созып көмегін береді.

Оңтүстікте бір ер азамат табылмады ма, Батыс жаққа асарлатып жем, шөп жинап жіберетін?
Әрбіріміз бір қап шөп, бір қап жем алып жіберетін болсақ, теңіздей болмаса да, көлдей көмек болады емес пе?
Оңтүстіктің тепсе темір үзетін жігіттері осындайда қайда?

Әшейінде қыздар қауымына жыр арнап шығатын, «типа намысты» айтыскер ақын-жыраулары ше?
Еліміздің батыс жағында мал қырылып жатыр, намыстарың ұйықтап тығылып жатыр ма?
Ояныңдар, Ерлер!», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Тағы бір постында ол қаржы аударам деушілер үшін деп арнайы есепшот ашылғанын жазды. 

«Ауыл шаруашылығынан хабары бар інім Сержан Тастанбек , Дидарбектің ұйымдастыруымен Каспий голд арқылы жинап, жем шөпті батысқа жіберетін болдық!

«Қайда жіберейік?» деп сұрап жатқандар үшін суреттегі каспий голдқа салсаңыздар болады!
IBAN :KZ62722C000030340835

Жиналған қаржы жайлы соңында осы жерде есебі берілетін болады!», — деп атап өткен жазба авторы. 
 

 

[:]