[:kz]
Алматылық дәрігер Ирина Акижанова үкіметтің коронавирус инфекциясына байланысты атқарып жатқан шаралары жай ғана көз бояушылық деп айыптады. Сөзінше, бүгінгі күні еріктілерге тәжірибе жүргізетін уақыт келген. Тіпті, ол өзін коронавирусқа қарсы иммундық плазмаға сынама тапсыруға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігергердің айтуынша, Қазақстанда жүрек талмасы, инсульт және басқа да инфекциялық аурулардан көз жұмғандарды коронавирустан ажал құшқандардың қатарына енгізілуде екен.
«Біздің елімізде ақпаратты бұрмалау мен көз бояушылық орын алуда. Биліктегілер осы кезге дейін коронавирустан айыққандардың қан плазмасын жинаулары керек еді. Жануарлар мен еріктілерге сынама жасауды қолға алудың орнына түсініксіз жайттармен айналысуда. 42 500 теңгені өздерінің жақындары мен бейхабар кеткен біреулерге таратып берді. Берерін берін алып, «қорықпаңыздар, біз ешнәрсе тексермейміз» деп мәлімдеді», — дейді Ирина Акижанова.
Сондай-ақ ол өзі тұрып жатқан үйдің 14 күндік карантинге жабылғанын айтып шағымданды. Бұған қоса дәрігер қан плазмасын тапсыруға дайын екендігін жеткізді.
«Егер мен науқаспен байланыста болып, қанымдағы иммуноглобулин мөлшері жоғары болса, аурудың жұқтырмай осы уақыт бойы үйімде отырамын. Бірақ қанымда антидене бар-жоғын білмеймін. Менің қанымды тәжірибе үшін алуларыңызды сұраймын», -деп қосты ол.
Дәрігердің бұл шағымына денсаулық сақтау министрінің орынбасары Лязат Ақтаева жауап берді.
«Сіздің қан плазмаңызды өткізу шарасы жайлы айтып кетейін. Қазір бұл технология қазақстандық емдем протоколына қосылды және ол жағдайы ауыр науқастарға қолданылады. Алайда 18 жастан коронавирус ауруынан емделген адам ғана донор бола алады. Егер сіз талаптарға сай келсіңіз қалаңыздағы арнайы орталыққа баруыңызға болады.
«Қазақстандағы коронавирустан көз жұму оқиғалары туралы айтатын болсам, марқұм болған азаматтардың жұқпалы індетке шалдыққаны тіркелген. Коронавирус өлім я болмаса науқастың жағдайы асқынуына себеп болуы мүмкін. Мысалы егер науқас ұйқыбез некрозынан көз жұмып, одан кейін оның коронавирусқа шалдыққаны анықталса, біз ол індеттен бақилық болды деп жарияламаймыз», -дейді вице-министр.
Қазіргі таңда қатерлі індеттен жұқтырғандардың басқа аурулармен байланысын анықтау үшін арнайы тексерістер жүргізілуде екен.
«Карантин мен алшақтату шарасы туралы айтайын: әрине, он төрт күн үйден шықпай отыру қиын екенін түсінемін. Бірақ бұл сақтық шарасы. Елімізде карантиндегі азаматтарды психологиялық қолдау орталығы да ашылды.
Көзбояушылық деп отырсыз. Мен сізбен кездескенімде сіздің кәсіби ортопед екеніңізді байқаған болатынмын. Енді халықты жаңылдырып отырсыз. Сіз бұл әрекетіңізбен өзіңіздің әріптестеріңізді еңбегіне балта шапқаңызды көрсеттіңіз», — дейді Ақтаева.
Сонымен қатар вице-министр Қазақстандағы коронавирус жұқтырған науқастар жайлы ақпаратпен бөлісті.
Қаізіргі таңда
7 науқас жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылған,
38 адам жансақтау бөлімінен шығарылып,
551 адам індеттен айыққан.
1695 станционарларда ем қабылдауда, олардың 848-інің бойында әртүрлі клиникалық ауырлық жағдайлары байқалса, 290 науқастың халі орташа екен. Тағы 30 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандайдың саны осымен 22-ге жетті.
[:]