АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҰҚК Алматыда лаңкестік жасамақ болған шетелдіктерді ұстады (видео)[:]

[:kz]

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда арнайы операция жүргізіп, елімізде лаңкестік жасамақ болды деп күдіктелген шетелдік азаматтарды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Биылғы жылдың 10 қаңтарында Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында Орта Азиядан келген шетелдік азаматтар ұсталды. Олар Қазақстанда лаңкестік жасамақ болды деп күдіктеліп отыр.

«Олардың уақытша тұрып жатқан жерін тінту барысында қуаттылығы үлкен жарылғыш құралдарды жасайтын заттар, сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер табылып, тәркіленді», – делінеді хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған тұлғалар ДАИШ жауынгерлерінің басшылығымен солардың тапсырмасын орындаған. Олар Алматыда адам көп жүретін жерде қарулы шабуыл жасап, жарылыс құралдарын қолданбақ болған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

stan.kz

[:]