АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҰҚК Қарағанды мен Таразда деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады (фото)[:]

[:kz]

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: ҰҚК Баспасөз қызметі

Фото: ҰҚК Баспасөз қызметі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды», — делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің астаналық департаментінің қызметкерлері арнайы күштермен бірлесіп, қылмыстық заңды бұзды деген күдікпен Әзірбайжан азаматын ұстаған еді.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған азамат Түркиядағы ұйымның көшбасшыларына ақша жіберіп тұрған.

[:]