[:kz]
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметтің көмегімен заңсыз атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: knb.gov.kz
5 маусым күні арнайы операция барысында Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны тұтқындалды.
Фото:knb.gov.kz
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.
[:]