[:kz]
Киев облысындағы Бородянка қаласынының жергілікті тұрғыны «Қадыров жасағын» уланған ірімшікпен (брынза) тамақтандырған. Зейнеткердің айтуынша, ол егеуқұйрықтың уына ірімшік пісірген. Видеоны Бородянкаға барған журналистер желіде жариялады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
“Қадыров жасағына тышқанды өлтіруге арналған у қосып, брынза дайындап беру ойыма келді. Мен оны әзірлеп қойдым, бірақ оның оларға қалай әсер еткенін білмеймін. Мен егеуқұйрықтарды уладым және менде тышқанның уы болды. Сондықтан мен оларды дайындадым», — деді зейнеткер журналистерге.
[:]