АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Украинада орыссыздандыру және декоммунизация жөніндегі кеңес құрылды[:]

[:kz]

 

Украинада Мәдениет министрлігі мен Украинаның ұлттық естелік институты жанынан жаңа орган – орыссыздандыру, декоммунизация және отарсыздандыру кеңесі құрылды.  Бұл туралы 7 маусымда Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметі бұл кеңесші орган екенін түсіндірді. Ол, атап айтқанда, кеңестік ескерткіштерді бұзуды үйлестірумен айналысады. 

«Жергілікті билік қоғаммен сұхбаттаса отырып, кешегі кеңестік дәуірдің ескерткіштері мен басқа да нысандарын бұзу немесе көшіру туралы ортақ шешімге келіп, оны әрі қарай кеңеспен келісу керек», — делінген хабарламада. Министрлік орыстандыру мен декоммунизацияны «уақтылы процестер» деп атады, бірақ олар «өркениетті түрде өтуі керек» деп баса айтты.

Кеңес құрамына жазушылар, мәдениет қайраткерлері, баспагерлер мен тарихшылар кіреді, деді Украина мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко 12 маусымда телемарафон эфирінде. Ткаченко «қоғамдық кеңістікті орыссыздандыру хаосқа айналмауы үшін» өңірлерде осындай сараптамалық кеңестер құру қажет екенін айтты. 

Айтпақшы, 2015 жылдың 9 сәуірінде Украинаның Жоғары Радасы декоммунизация туралы заңдар пакетін қабылдады. Олар кеңестік рәміздерге тыйым салып, коммунистік режимді айыптады. 2015 жылдың 15 мамырында заңдарға Украина президенті Петр Порошенко қол қойып, сол жылдың 21 мамырында күшіне енді. 

Бұл заңдарға сәйкес атаулары коммунистік режиммен байланыстырылған Украинадағы  барлық көшелер мен елді мекендердің аттары өзгертіліп, тоталитарлық дәуірдің ескерткіштері жойылу тиіс. 2022 жылы Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруден кейін коммунистік кезеңдегі топонимдердің атын өзгерту және ескерткіштерді бұзу процестері күшейді. Кейде олар өздігінен жүреді.

Асқар Жұмабаев

Алтынорда 

[:]