АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Украинада ресейліктер жағында соғысқан қазақ жігіті ұсталды (ВИДЕО) [:]

[:kz]

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Жеңіс Кеңесұлы есімді азамат фейсбуктегі  әлеуметтік желісінде Украин әскеріне қолға түскен қазақ жігіті туралы видео жүктеді.

Видеодағы жігіт өзін Төлегенов Рамазан Серғазыұлы. 09.05.1997 жылғымын деп таныстырады. 

«Орынбордың Первомай ауданы, Камен ауылынанмын. 9600 әскери бөліміненмін. БТР 82-АМ жүргізуші ефрейтірімін. 

Бөлімшенің командирі сержант Мугаммедов Салман. 

 

— Украинаға ақпанның 24 де келдік. Не мақсатпен барғанымызды білмеймін. Мен тек колонамнан айырылып қалдым. 10-20 машина болдық. Нақтырақ білмеймін. Шабуыл жасалды. 

— Бір тылсым күштің әсерінен аман қалдым»,- дейді әскери қазақ жігіті. 

«Сорлы қазақ. Ресейден Отанға көшіңдер жаппай, Солтүстікке», «Қолға түскені жақсы болған. «Жавалинмен» БТР-імен қоса айырып тастағаннан көрі», «Жауыз Путин! Фашист Путин Ресей қол астында күн кешуге мәжбүр болған аз ұлттарды отқа тірідей жандыру үшін, танкінің аузына байлап жіберуде. Бұлар отказ берсе де трибуналға атылуға кетеді. Соғысқа кірсе де өледі. Қандай ауыр тағдырлары!», «Командирлері кавказдық екен, өзі қазақ ,көп ұлтты Ресей,сөйте тұра басқалардан өздерін жоғары санайды ,ұлттар тарқап кетсе дымы қалмайды ғой армиясының», деп пікір қалдырды оқырмандар. 
Көпшілік Ресейде тұратын қазақтар сол елдің әскерінде борышын амалсыз өтуге міндетті, сондықтан оған кінә тағуа болмайды деп, ашулы қазақтарға басу айтты. 

 

 

 

[:]