[:kz]
Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістан сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша, атап айтқанда, Қазақстан аумағында фармацевтикалық өндірісті оқшаулау бойынша серіктестікті жандандыруға өзара қызығушылық танытты.
«Қазақстанда фармацевтикалық нарықтағы отандық өндіріс үлесін 2025 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оффтейк-келісімшарттар тиімді құралдардың бірі және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау үшін елеулі ынталандыру болып саналады», – деді Ажар Ғиният.
Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
[:]