АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ұлт ұясы Ұлытауға тарихшылардың тағылымды сапары[:]

[:kz]

Қазан айының 5-7 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары: ҰҒА құрметті академигі, т.ғ.д. Талас Омарбеков, ҰҒА академигі, т.ғ.д. Берекет Кәрібаев, т.ғ.к., доцент Еділ Ноянов бастаған тарихшылар тобы Алтын Орданың 750 жылдығы қарсанында жоспарланған іс-шаралар негізінде Еуразияның кіндігі саналатын Ұлытау өңіріндегі тарихи ескерткіштерде арнайы ғылыми іс-сапармен болып қайтты.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – өңірде орналасқан Жошы хан кесенесінің Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы тарихында орнын ерекше айқындау болды. Проф.Талас Омарбеков өз сөзінде қазіргі кезде Жошы хан кесенесі мен Алаша хан кесенесі әуезқой тарихшылардың назарына ілініп тұрғандығы, ол өз кезегінде тарихымыздың бұрмалануына әкеліп соғу мүмкіндігін айтты.
Алаша хан кесенесінде жерленген тұлғаның халық аузында әртүрлі деректермен таралып келген нұсқасына, онда жерленген Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен екендігін ғылыми деректермен дәйекті жеткізді. Ұлытау жерінде Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған екі ханның жерленуі – Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалауда аймақтың тарихи маңызының жоғары екендігін атап көрсетті.
Сонымен қоса тарихшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихшы-профессорларының сонау қола дәуірінен металлургияның орталығы ретінде танылып, заман ағымымен мемлекеттілігіміздің қалыптасуына негіз болған аймақ – Ұлытау өңіріне жасаған іс-сапары ғылыми тұрғыда жас ғалымдар, тарихшылар мен жергілікті өлкетанушылар үшін тағылымы мен танымы мол іс-шара болды.

Н.Д.НҰРТАЗИНА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры,
Ә.Б.Сейткен, 1-курс магистранты

[:]