[:kz]
Ғаламтор бетінде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының отандық бағдарламалардың біріне берген сұқбатынан үзінділер пайда болды. Қитұрқы сұрақтарға жауап беріп жатқан экс-министрдің бұл сұхбат үзінділері продюсер Серік Абас-шахтың facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Серік Абас-шахтың «бұл кісі басты қаладағы пантеонда жерленгісі келеді екен. Арекеңде жерленуден басқа арман, өлуден басқа қуаныш қалмаған сияқты», — деген пікірімен бірге жариялаған бейне жазбасынан «…демек, сіз Астана қаласындағы пантеонда жатқыңыз келеді ғой?» деген журналист сұрағына Арыстанбек мырзана «иә!» деп жауап бергенін байқауға болады.
Бір айта кетерлігі, журналистің бұл қитұрқы сұрағына Арыстанбек ағамыз еш саспастан «ол өмірдің заңдылығы, мен қуанамын! Өте қоштаймын!» деп риза бола отырып жауап беріпті.
Бұл жазба Арыстанбек Мұхамедиұлының журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» атты Youtube жобасына қонақ ретінде қатыса отырып берген сұқбатынан үзінді екенін атап өту керек.
Онда ол осы уақытқа дейін өзінің не тындырғаны, қандай жетістікке жеткені, министр кезінде қанша жалақы алып отырғанын бүкпесіз айтқан. Сонымен қатар, не істесе де біреудің көзіне түсейін деп емес рухани ләззат алу үшін жасайтынын айтады.
Арыстанбек мырза үшін байлық ұғымы да бөлек секілді. Жұрт ақшаны байлық деп білсе, Мұхамедиұлы үшін алдымен рухани байлық маңызды екен. Айтпақшы, бұл сұқбатта Арыстанбек Мұхамедиұлын ең көп сынайтын адамның аты аталады.
[:]