АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ұлым 9-сыныпты бітірсе, кəсіптік-техникалық училищеге грантқа түсірем[:]

[:kz]

 

 

Бүгін 4-сынып бітірген ұлым,каникулға зорға жетті. Қанша ақыл айтсақта,ұрыссақ та,сабағын қадағаласақ та,еш ықыласы жоқ…Қыстыгүні :»Əй қарағым-ау,мына түріңмен əлі 7 жыл қалай оқисың?»десем. «Қой көке. Кім айтты саған,мені 11 жыл оқиды деп? 9 дан кейін оқымайм»деп,қарап тұр ғой…))

Менің көшемнен екі квартал жоғары тұратын,Ерболат деген жігіт бар. Бір ескі тракторы болатын. Сонымен шабашка істеп жүрді. Бір жылы үйін залогқа қойып,су жаңа погрузчик алды. Мен оған «Енді кредитіңді төлей алмасаң,үйіңнен айырылып қаласың ғой»дегенімде. «Саспа Мəке. Көресің Ерекеңнің қалай байығанын» деген… Арада бірнеше жыл өткенде,есігінің алдынан Минимаркет дүкен ашып алды. Ауласынан зəулім етіп,екі қабатты котедж салды.Балаларын шетелде оқытып жатыр. Погрузчигін бірнеше рет жаңартты…. Өзінің қарапайым еңбегінің арқасында… Əне! Жұрттың оқымаған баласы…

Енді ойлап отырмын,осы ұл аман-есен 9-класын бітірсе, Естай ағайымның кəсіптік-техникалық училищесіне «грантқа» түсірем-ау деп… Жұрт баласын жоғарғы оқу орнына оқыту үшін, депозитке ақша жинаса,мен бала өскенше бір погрузчикке жететін ақшаны депозитке салатын шығармын. Жүрсін сосын,»Орнымнан қозғалғаным 15 мың теңге деп»…))

 

Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]