[:kz]
«Mysterions» тобының әншісі Дильен кішкентай ұлын өз аузымен тамақтандырып, көпшіліктен сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі баласымен түскен видеосын Instagram парақшасында жариялаған.
Алайда желі қолданушылары әншінің ұлын өз аузындағы аспен тамақтандырғанын құптамаған.
«Қанша жақсы көрсеңіз де, бұл гигиена талаптарына сай емес», «Үлкен адамның ауыз — қуысында инфекциялар немесе тіс аурулары болуы мүмкін,, сондықтан олай істеуге болмайды», «Жиіркенішті».»Өз баламды бұлай тамақтандырмаспын», «Аузыңа салып беру деген не ол? Торғайсың ба?», «Адамның ең лас жері аузы ғой. Балаға олай бермеңіз», «Бәрімізді осылай тамақтандырған шығар».»Берсе өз әкесі тамақтандырып жатыр», «Баланы тамақтандырмас бұрын ауыз қуысындағы бактериялардың бар-жоғын тексертіп алыңыз», — деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, әнші өткен жылдың сәуірінде әке атанған болатын.
[:]