[:kz]
Ұлдарының тұсауын қазақы дәстүрмен кестірген орыс отбасы жұртты сүйсіндірді. Көпшілік қазақы дәстүрді ұстанған отбасыға деген ағыл-тегіл жылы лебіздерін білдірді.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды. Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады. Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]