АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үндемеуден шаршадым»: Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы былықтардың бетін ашты [:]

[:kz]

 

 

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Түркиядағы халықаралық жарыстың ширекфиналында үндістандық Нихат Зариннен жеңілген соң мәлімдеме жасады.

Былғары қолғап шебері Қазақстан құрамасындағы проблемаларды қозғады деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Назым Қызайбай — бокстан Қазақстанның он дүркін чемпионы, сонымен қатар екі дүркін әлем чемпионы. Соңғы бірнеше жыл ішінде Қызайбай Токио Олимпиадасына дайындалып жүр. Бірақ арманына жету жолында Назым бірақатар мәселелерге тап болғанын жасырған жоқ.

«Таяуда біз Болгарияда өткен турнирге бардық, онда қарсыласымды 3:2 есебімен жеңуім керек еді, бірақ төреші жеңісті қарсыласыма берді, дегенмен бәрі менің жеңгенімді түсінген. Бұл Түркиядағы турнирде де қайталанды, онда мен ширек финалда жеңілдім. Біз төрешілерге барғанбыз, олар: «Сендер жақ айтты, өздерің шешіңдер» дейді. Осылай тіке айтты. Неге олар сонда отыр? Бұлай болмауы керек. Артыңда кім тұрса да, әділеттілік болуы қажет. Кездесу нәтижесі мен рингке шыққанға дейін белгілі болған сияқты. Бұл бір рет қана болса жарайды, бірақ бұл Стамбулда да қайталанды. Кейін Болгария мен Түркиядағы турнирлерде бір супервайзер болғанын білдік. Енді мұның кім арқылы жасалатынын түсіндік. Маған қолдау көрсету үшін көптеген адам келді», — деп сөзін бастады ол.

 

 Былғары қолғап шебері бұндай даулы шешімдер қашаннан бері шығарылып жүргенін де жеткізді. «Бұл мен 51 келіге дейінгі салмаққа көтерілгенімде басталды. Бірнеше рет үндемедім, бірақ үшінші рет шыдай алмадым. Көп дайындаласың, барыңды саласың, ал сенің жеңісіңді тартып алады. Үндемеуден шаршадым. Бұл бірнеше жылдан бері жалғасып келеді», — деді Назым Қызайбай. Сонымен қатар спортшы басылым тілшісінің «бұл кімге пайдалы болуы мүмкін?» деген сауалына жауап қатты. «Біз оның кім екенін жақсы білеміз, бірақ айта алмаймыз, өйткені белгілі бір нәтиже үшін ақша беретіні туралы тікелей дәлел жоқ. Мұны жаттықтырушылар да, басшылық та біледі, бірақ бұл туралы ешкім айта алмайды. Мені ұлттық құрамадан қуып жатыр деуге болады. 51 келіге дейінгі салмақта Анджелина Лукас екеуіміз бақ сынасамыз. Мен оны алға жылжытып жатыр деп айта алмаймын, өйткені тікелей дәлелдер жоқ.

2020 жылы наурызда мен Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне баруым керек еді, өйткені мен 51 келіге дейінгі салмақта бірінші нөмірмін, бірақ содан алты ай бұрын Қарағандыда өткен турнирде мені іріктеу сайысының жартылай финалында әдейі жеңілтті, ал Лукасқа қарсы басқа қызды шығарып қойды. Лукас 2020 жылдың наурызында Амманда өткен іріктеу турниріне барып, жеңіліп қалды. Содан кейін жеңілгенін мойындағысы келмеді. Сол турнирде мен Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алар едім. Менің лицензия алатын үлкен мүмкіндігім болды, себебі көптеген үздік спортшыны бір емес, бірнеше рет жеңдім. Осыдан кейін де мені қуып жатыр. Жаттығуда оны жеңіп алатынмын, Ангелина біздің салмақта үшінші нөмір болды. Биыл ол Қазақстан чемпионатының финалына алғаш рет жетіп отыр. Ол Түркістан облысы Шымкент атынан шыға бастап еді, қолдау бірден пайда болды», — деді боксшы. 

Одан бөлек, Назым олимпиадаға бару мүмкіндігі туралы да сөз қозғады. «Бастапқыда әлемдік іріктеу өтуі керек еді, бірақ ол өтпейтін болды. Мамырда Азия чемпионаты өтеді. Бас бапкер бұл турнирге баратынымды айтты. Бірақ бәрібір алаңдаймын, мұның бәрі моральдық тұрғыдан қинайды. Уәдесін орындайтынына сену қиын. Жақында оқу-жаттығу жиыны басталады, бірақ өткен турнирлердегі әділетсіздік кедергі болып тұр», — деді былғары қолғап шебері.

Осы орайда боксшы басты мақсаты — Олимпиада ойындарына бару екенін атап өтті. «Осы әділетсіздіктің бәрі моральдық тұрғыдан әсер етеді, бірақ мен одан бас тартқым келмейді. Мен Олимпиада ойындарына бару үшін бәрін істеймін. Соңына дейін тырысып, Токиоға барамын. Бокс федерациясы спортшылар үшін, спортты дамыту үшін қаншалықты еңбек етіп жатқанын білемін. Федерация көп көмектеседі, бірақ кейбір тұлға спортшылардың мансабын бұзады, бұл Қазақстан үшін де жаман. Бұл жағдай реттеледі деп үміттенемін», — деп сөзін қорытындылады Назым Қызайбай.

 

kaz.nur.kz

 

[:]