[:kz]
Осы бейнебаянды түсіру барысында Наташа Королева арнайы Алматыға келген болатын.
Бүркіт Ресейдің әншісі Наташа Королевамен «Қылықты қыз» атты ән жазып, оның бейнебаянын Алматыда түсірді, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.
Осы бейнебаянды түсіру барысында Наташа Королева арнайы Алматыға келген болатын.
Үйлесімді дуэттің бейнебаяны Youtube желісіне 2 тамыз күні жарияланды.
Желі қолданушылары Бүркіттің идеясына риза болғанын білдірген болса, көбіне әншінің мойнындағысы және орыс қызбен айтқаны кері пікір тудырды.
Бейнебаянның нақты мақсаты – қазақ елінің көпұлтты екенін дәлелдемек болғанға ұқсайды.
«Орыс қызын қазақша киіндіріп, өзі үндінің гүлін тағып алғаны несі?», «Ән хит болатындай емес», «Жарайсың, Бүркіт!», «Музыкасы бразилияша, киім қазақша, гүл үндіше, жалаңаштанған бұл орыс неге керек болды?», «Сәтті шыққан дуэттің бірі», «Наташаның орнына Аиша да жақсы айтып шығар еді», — деп әртүрлі ойда шуласты желі қолданушылар.
sn.kz
[:]