[:kz]
«Балтамен бала-шағаны қуып, артынан қылқындырған күйеуінен қашқан әйел ауыл шетіндегі күркеде, екі кішкентай баламен түн жамылып тығылып отыр».
Бүгін журналист Гүлмира Әбіқай facebook парақшасына Қызылорда облысында екінші күйеуі күнкөрсетпей жүрген әйелдің шағымын жариялады. Айтуынша, ол «батыр» әйелі мен балаларын қолына балта алып тұрып қуалайды екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сыр бойында Шиеліде тағы бір қазақ әйелі тиран күйеуден азап шегуде. Балтамен бала-шағаны қуып, артынан қылқындырған күйеуінен қашқан әйел ауыл шетіндегі күркеде, екі кішкентай баламен түн жамылып тығылып отыр. Үсті-басынан сау тамтық жоқ, көгала қойдай.
Төрт баланың ес біліп қалған екеуі нағашы әжесінің қолында. Себебі, оларды әкесі қоса ұрады, қылқындырады, сабайды. «Сондықтан жаныма екі кішкентайымды алып қалдым, олар хотя бы ұрғанын ұмытып қалады, бала ғой» деп жазыпты хат иесі.
Жылап отырып жазған аудиосын тыңдасаң жүрек ауырады, ал күйеуінің прямая угроза смс-ін естіп, тіптен ұйқым қашты. Сонда, өмірі қыл үстіндегі бұл әйелге біздің полиция енді қашан көмектеседі? БҚО-дағыдай екі баламен қосып өртеп жібергенде ме, әлде кешегі Нұр-Сұлтандағыдай ұрып өлтіргенде ме? Қашан?» — деп налыған журналист, жазбасына Ішкі істер министрлігін, Шиелі ауданының әкімдігін тегтеп қойған.
Сондай-ақ, «Әйелдерді көзінше ұрып өлтіріп жатқанда, бала құқығы жайлы не айтамыз?» — деген ол, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды да белгілеуді ұмытпаған.
[:]