АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ұрлық түбі – қорлық»: Қайнар Олжай Түркістандағы аққұманның Қытайдан «жымқырылғанын» ескертті[:]

[:kz]

«Айтпақшы, Түркістанда бірінші суреттегідей құр суды сапырып, бұрқыратқанша, екінші суреттегідей көк шай құйылып жатсын да».

Журналист Қайнар Олжай facebook парақшасында Түркістандағы аққұман (оны әріптестеріміздің бәрі «шәйнек» деп жазуда) үлгісіндегі субұрқақ Қытайдағы ескерткіштің көшірмесі екенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің Президентіміздің қытайтанушы екені даусыз. Сол кісі Түркістанға барған сапарында әлгі аспалы шәйнек пен оюлы кесе композициясына қарап «мыналарың ұрлық қой, ал ұрлық түбі – қорлық қой» деп айта салмағанын қарашы. Бәлкім, түркістандық басшылар түбі шикі болған әлгі мүсінді көрсетпеген шығар. Айтпақшы, Түркістанда бірінші суреттегідей құр суды сапырып, бұрқыратқанша, екінші суреттегідей көк шай құйылып жатсын да. Әйтеуір ұрлаған соң дұрыстауын жымқырып кеткен жөн емес пе!» — дейді Қайнар Олжай.

Осы орайда, өзге де желі қолданушылар «Бәсе, қайдан ғана мұндай күшті идея келе қалды деп ем…», «Мен бірден білдім ұрлық екенін», «Мұндай композициялар әр елде бар, көшірме ғой» деп «түйсіктері алдамағанын» жарыса жеткізді. Ал тағы бір әріптесіміз Ержан Жаубай: «Мен болсам, қымыз сапырылып жатқан ожаудың мүсінін қояр едім!» — деп отыр.

 

[:]