АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ұрпақты құртады»: Жолдыбаеваның арқасы ашық образы желіні шулатты (видео)[:]

[:kz]

 

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынай Жолдыбаева ашық сәнді киімде дала түймедақтарын ұстап фотосессия ұйымдастырды. Көбі оның образын келісті санап, тәнті болса, енді бірі әншінің мұндай кейіпте көрінуін сынап, жағызсыз пікір қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Алтынай Жолдыбаева өзінің Instagram парақшасында жаңа видео жариялады.

Фотосессия жасаған «Джейран» тобының солисі онда қысқа, арқасы ашық ақ көйлек киіп, қолына дала түймедақтарын ұстаған.

Тағы видеода әнші осы кейіпте аппақ ваннаға жатып та фотоға түседі. Жеңіл киім қызға нәзіктік сыйлағаны байқалады, оны қызықтаған қолданушылар қызу пікір алмасты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жолдыбаева 🕊 (@altynaizholdybayeva)

«Сіздің осындай фотосессияларыңыз ұнайды», «Керемет, өте әдемі», «Әдемі, сұлу қыз», «Ұнатамын сізді», «Өте нәзік және әдемі», «Сұлулық пен әйелдік символы», «Секси», «Көктем келді дейсің ғой», «Жаным, жақсы көрем», «Менің жаным», – деді олар.

 

Алайда, бұл жолы да мұндай ашық-шашық дүниені ұнатпайтындар үнсіз қалған жоқ, ал мұндай жағымсыз пікірлерге Алтынайдың еті үйреніп қалғаны анық.

«Осындай бейшаралар құртады ғой болашақ ұрпақты. Шешіп тастамадың ба киміңді?», «Не үшін шешінесіңдер, бірде-бір дұрыс пікір жоқ», – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Еске салсақ, Алтынай Жолдыбаева өз оқырмандарын бұған дейін жаңа суреттерімен қуантқан еді. Алайда, оның жариялаған суреттері желідегілердің барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Көпшіліктің пікірі екіге бөлінген болатын. Бірі шоу-бизнес сылқымының мінсіз мүсініне тәнті болып жатса, енді бірі оны тым ашық образы үшін сынап тастаған. 

 

kaz.nur.kz/

 

[:]