АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үш күннен бері жуынбадым»: Әлі құтқарылмай жатқан Лаоста құлдыққа түскен қазақ қызы қазіргі жағдайын айтты[:]

[:kz]

 

 

Тайландқа барып, бизнес жасағысы келген актриса құлдыққа тап болғанын бірнеше күннен бері айтып, дабыл қағуда. Қазір бөлмеге қамалып алып, ешкімді кіргізбей отырғаны айтты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Кеше жауапты қытаймен сөйлесуге тырыстым. Мұндай жағдайда жұмыс істемейтінімді және ақшамды қайтарып, кері жіберуді талап еттім. Ол болса, «бұл жер келіп кете беретін жер емес. Сен мұндай бір жыл жұмыс істеу керексің деп шорт кесті. Содан бері қатты қорқудамын», — деп жазды.

Актриса Әнел Бермағамбет Таиландқа ел көру үшін және табыс табу мақсатында барған. Оны жұмысқа шақырған компания өкілдері алаяқ болып шығады. Отандасымыз Таиланд емес, Лаостағы еңбек құлдығына тап болғанын бірден сезеді.

«Басында бәрі жақсы еді. Кешке қарай мені бөтен ой мазалай бастады. Қазақстандағы құрбым да менің бұл сапарыма алаңдай бастады. Таңертең мен қонақүйден шыққанда, мені жеке жүргізушісі қарсы алды. Біз әуежайға бардық, содан кейін Чианграйға ұштық. Сосын мені 2,5 сағаттай жердегі бір ауылға апарды. Біз төлқұжатты тексеруге келгенде, тайлықтар бір-біріне бастарын изеп, маған Тайландтан кету туралы мөртаңба берді», — дейді Әнел.

Осыдан кейін қазақстандық қызды қымбат қонақүйге орналастыратын айтып, уәдені үйіп-төккен еді. Бірақ Әнелді Таиланд емес, Лаос еліндегі 8 адам жататын бөлмеге алып келген.

Мен бұл бөлмені көргенде шошып, жыладым. Содан кейін ол жерден дереу кетіп қалдым, өйткені ол жер өте лас еді. Мен үш күні бойы жуынбадым, — деді ол.

Бұл жағдай Қазақстандағы құзырлы орган өкілдерінің де құлағына жеткен. ҚР ІІМ мен Қызылорда облыстық полиция департаменті өзге елде алданған қыздың парақшасына мынадай хабарлама қалдырыпты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы (адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгінгі таңда азаматша Б.А қылмыстық іс бойынша жәбірленуші, ал оның ағасы жәбірленушінің өкілі ретінде танылды. Тергеу нәтижесі кейінірек белгілі болады», — деп хабарлайды Қызылорда облысының полиция департаменті.

«Әлеуметтік желіде Қазақстан азаматының Лаостағы жағдайы туралы жазба жарияланды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлігімен (адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесі кейінірек белгілі болады. Бұл оқиға туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабардар етілді. Жәбірленушінің ағасымен байланыс сақталады. Сонымен қатар, ҚР Консулдығының департаментіне хат жолданды», — деп хабарлады ҚР ІІМ.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]