[:kz]
Австралияның батыс жағалауында теңіз перісі деген атпен танымал үш метрлі манта тұтасқанаты адамдардан көмек сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұтасқанат сүңгігіштер тобына жүзіп келіп, көмек сұрағандай болды. Адамдар оның көзіне балық аулайтын қармақтың кіріп кеткенін байқады.
Жараланған тұтасқанатқа су асты фотографы Джейк Уилтон көмектесті. Ол сүнгігіштер тобымен бірге Нингалу рифінің маңайында көп жүзеді және осы жануарды сол аймақтан бірнеше рет көрген екен. Тұтасқанат та Уилтонды таныған секілді. Топ оған тіпті Сепкіл (Freсkles) деп ат қойып қоған.
Джейк Уилтонда маска мен түтікшеден бөлек дайвингке арналған құрылғы болған жоқ. Сондықтан оған тыныс алу үшін су бетіне шығып, қайта-қайта сүңгуге тура келді.
«Қайта-қайта тырысты — сөзбен айтып жеткізуге келмейтіндей ғажап болды. Бұл мен су астында көрген үздік көріністердің бірі», — дейді куәгер, теңіз биологы Монти Холл.
Тұтасқанат балық аулайтын қармақ алынғанша орнынан қозғалмай, күтіп тұрған. Ол тіпті өзін құтқарған адамына қарнын көрсетіп аунаған екен. Мұндай жайт тіпті сиек кездеседі. Егер адамдар жануарды құтқарып үлгермегенде ол өліп кететін еді немесе соқыр болып қалатын еді.
[:]